KZ
Өскемен
+26°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Астана туралы киноальманах ел экранына наурызда шығады

21.02.2012, 18:00 138


Қазақстан кинотеатрларында биылғы жылдың 8 наурызынан бастап «Жүрегім менің - Астана» атты киноальманах көрсетіле бастайды.

Киноальманах ресейлік режиссерлар - Егор Михалков-Кончаловский мен Алексей Голубевтің қазақстандық кинематографистермен бірігіп түсірген жобасы.

Картина он новелладан тұрады. Атап айтқанда, фильмге "Сағаттар" (реж. Алексей Голубев), "Дарина" (реж. Джулия Гани), "Онлайн" (реж. Айдар Баталов пен Алексей Голубев), "Тосын сый" (реж. Эля Гильман), "Нарғыз" (реж. Рашид Сүлейменов), "Бека" (реж. Егор Михалков-Кончаловский), "Легионер" (реж. Рүстем Әбдірашев), "Квест" (реж. Жасұлан Пошанов), "Әке өсиеті" (реж. Фархад Шәріпов), "Жүрек" (реж. Сергей Дебижев) новеллалары кірген. Мазмұны мен мәні жағынан сан алуан новеллалар бір қала жайында баяндайды. Махаббат, достық, өткен және болашақтағы оқиғалар еліміздің бас қаласы - Астанада өрбиті.

Фильмді жасауға Қазақстан, Ресей, Грузия, Беларусь және АҚШ-тың актерлары, режиссерлары, операторлары мен музыканттары атсалысты. Туынды үшін Астана келбетінің 500 көрінісі түсірілді. Қала жылдың төрт мезгілінде де көрініс табады.

Жобаға Санжар Мәдиев, Бибігүл Ақтан, Евгений Жұманов, Наталия Орынбасарова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Нұрлан Өтешев, Сұлушаш Кәрімова, Валерий Задорновский, Айнұр Ниязова сынды қазақстандық актерлармен қатар, грузин актері Баадур Цуладзе, ресейлік актерлар Любовь Толкалина мен Сергей Никоненко түсті.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив