KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 3 м/с, ОШ
441.79 478.77 4.9

Қостанайда «Жедел-жәрдем» көлігі жанып кетті

2.03.2012, 18:00 140


Қостанай облысы бойынша ТЖД-нің кезекші бөліміне кәугерлерден «Жедел-жәрдем» көлігінің жанып жатқандығы туралы хабар түсті.

Оқиға Қостанайда жұма күні кешқұрым Абай даңғылында болды. Оқиға орнына №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және жол полициясы қызметкерлері шұғыл жетті.

«УАЗ» жедел-жәрдем машинасының мотор бөлігі мен мата қаптамасы жанып жатты. Өртті жалпы аумағы 2 шаршы метрді құрады. Жүргізуші мен жолаушылар (9 адам) жана бастаған көліктен шығып үлгергендіктен, зардап шеккен жоқ.

Өрт сөндірушілер жалынды 3 минуттың ішінде сөндірді. Алдын ала болжам бойынша, өрт қозғалтқыштың электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив