KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Электрондық үкімет - өмірді жеңілдетпек

1.03.2012, 18:00 197


Электрондық үкімет сөзінің қолданысқа енгізілгеніне де бірнеше жылдың жүзі болды. Қазір электрондық цифрлік қолтаңбаны жасатып алдым, салықты енді онлайнда төлейтін боламын, баламды мектеп кезегіне интернет арқылы қоямын деген әңгімелер ғаламтордағы форумдар мен блогтарда жиі кездеседі. Бұған таң қалатын ештеме жоқ, ақпараттық технологияларға жақын болатындар коммуникацияға деген сенімсіздіктен әлдеқашан арылған және уақыттарын сабылып кезекте тұрумен өткізбейді, айналдырған 15-20 минутта өзіне қажетті құжаттарды е-үкімет арқылы рәсімдейді. Алайда бұл қарапайым халық үшін қаншалықты қол жетімді? Қызмет көрсетудің бұл түрін тұрғындардың қаншасы қолданады?

Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ бүгін осы мәселе жөнінде кеңес өткізіп, оның барысында электрондық үкіметтің облыс бойынша жұмыс нәтижелері мен алдағы жоспарлары, проблемалары талқыланды.

«Информациялық технологияларды кең қолданысқа енгізбей біздер экономикамызды бәсекеге қабілетті ете алмаймыз. Электрондық Үкіметтің ең басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсетуде азаматтардың шенеуніктермен тікелей қарым-қатынасын азайту», деген болатын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

Жалпы алғанда электрондық әкімдіктің тетігін білген адам бұл күнде кезек күтіп мекемелердің табалдырығын тоздырмайтыны анық, бұл-уақытты үнемдеудің ең тиімді әдісі. Алайда бүгінде аталған қызмет түрінің тетіктерін білетіндерден білмейтіндер аз болып тұр. Мәселе де сонда. Облыс басшысы ең басты назарды осыған аударды. Электрондық үкіметтің қызметі қарапайым халық үшін түсінікті әрі қолжетімді болуы керек. Бұл үшін не істеліп жатыр?

Ақапараттық технологиялар бөлімінің бастығы Марина Синельникова осы бағытта жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды. Оның айтуынша , бүгінде облыста электрондық үкіметті қалыптастыру бағытында бірқатар шаруалар тындырылды. Электрондық қызметтерді толық көлемде дамытып, оның халыққа ұсыну үшін ең басында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері қосылған болатын. 2005-жылы өңірде облыс әкімінің екі тілдегі ақпараттық порталы құрылды. Алғашқы жылы мұнда екі мыңнана астам ұсыныс-арыздар келіп түскен болса, өткен жылы оның саны жеті миллионнан асыпты.

Электрондық үкімет - өмірді жеңілдетпек

Ал 2009 жылдан бері облыс басшысының www.akim.blog.vko.gov.kz жеке блогы жұмыс жасайды. Мұнда да түсіп жатқан ұсыныс-арыздар мен сауалдар жыл санап артып келеді.

2007-жылы іске қосылған азаматтар мен бизнес өкілдеріне арналған қызмет көрсетудің электрондық порталында мемлекеттік органның 112 вертуалдық қабылдау бөлмесі бар. 2012 жылдың соңына дейін тағы 19 қызмет көрсету түрі енгізілмек. 2012-2014 жылдары электрондық әкімдікті аудандық өңірлерге жеткізу көзделіп отыр.

- Өткен жылы осындай бір отырыста электрондық дәріхана туралы баяндама жасалды. Ол бүгінгі күні жұмыс істеп тұр ма? Қарапайым халықтың қаланы шарлап дәрі-дәрмек іздемеуі үшін нендей жұмыстар атқарылды?-деген сауал қойды облыс басшысы.

Электрондық дәріхананың қызметіне екі айда 9 мыңнана астам адам жүгініпті. Бүгінде бұл порталда ақпараттық форумдардан қандай да бір дәрі –дәрмек туралы кеңес алуға болады. Және қаланың қай дәріханасында қандай дәрі бар екендігін білуге де болады. Екі айдағы қірушілер санына қарағанда электрондық дәріхананың жұмысы алға басып келе жатқан тәрізді. Осы тақырып төңірегінде облыстың емханаларында қоғамдық қол жеткізу пункттерін орнату туралы ұсыныс айтылды. Облыс басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасына осы мәселені шешуді жүктеді.

Бердібек САПАРБАЕВ сондай-ақ, электрондық үкіметке кіру қарапайым халық үшін қол жетімді болу үшін осындай қоғамдық қол жеткізу пункттерін көбейту қажеттілігін де алға тартты. Бұл интернет желісіне қосылуға мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін аса қажет екендігінде ескертті облыс басшысы.

Сондай-ақ, электрондық үкіметтің облыстағы бүгінгі жетістігі қағазбастылықтан, қағаз айналымынан қаншалықты деңгейде артылтты деген сауал төңірегінде де сөз қозғалды. Әрине бұрын 4-5 күн шапқылап жүріп тындыратын құжаттар мәселесі электрондық үкіметтің көмегімен санаулы минуттарды шешіліп жатқандығы рас. Бұл өз кезегінде мемлекет басшысы биылғы Жолдауында атап өткен «қағаздарды бір орыннан екінші орынға қоятын» штаттарды азайтуға да септігін тигізері анық. Бұл орайда құжат айналымы мен қажетсіз шататтар мәселесі де шешілері сөзсіз екендігін атап өтті өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев.

Бүгінде «Қазақтелеком» АҚ өңірдің барлық аудандарын жоғары жиілікті интернет желілерінің коммуникациясын тартып берді. Мәселесі шешілмеген тек Абай ауданы қалған. «Қазақтелеком» мұны 2015 жылға жоспарлапты. Алайда облыс басшысы таяу арада бұл мәселе шешіліп коммуникацияға қажетті 30 миллион теңгені бюджеттен бөлуді қарастыратындықтарын айтты.

- Биыл мұнда Мұхтар Әуезовтың 150 жылдығын атап өтуге байланысты ауқымды шаралар өтеді. Сол үшін Абай ауданына бұл желілер аса қажет,- деді облыс басшысы.

Бүгінде шығысқазақстандықтардың бірқатар тобы электрондық үкіметтің шапағатын көріп отыр. Үйден шықпай ұшақ билетін броньдау,коммуналдық төлемдерді интернет арқылы төлеу, балаларды мектеп пен балабақша орналастыру үшін кезекке тұру, бос орын вакансиясын қарастыру тағысын тағыларға қол жеткізу үшін бүгінде қажетті нәрсе ол -электрондық цифрлық қолтаңба болып тұр. Оны алу да соншалықты қиын шаруа емес дейді мамандар. Ол үшін жеке бас куәлігімен Халыққа қызмет көрсету орталығына барып аз ғана уақЫтта оны алуға болады. Бүгінде облыста 10 мыңға жуық адамның осындай қолтаңбасы бар екен. Бұл облыс тұрғындарының санын ескерсек, айтуға тұрарлық көп адам емес. Алайда олар өз өмірлерін жеңілдеткені анық.

Облыс басшысы электрондық үкімет арқылы қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша барлық жұмыс процесін қадағалауды облыс әкімінің орынбасары Ермек Көшербаевқа жүктеді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив