KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Өскеменде 600 000 теңгенің алтынын тонаған ұры қолға түсті

28.02.2012, 18:00 111


Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасының қызметкерлері Риддер қаласында сауда үйіне түсіп, 600 000 теңгенің алтынын тонаған ұрыны қолға түсірді, деп хабарлады тілшісіне қалалық ІІБ басқармасы баспасөз қызметінен.
«Кезекті қызметтеріне түскен Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасы батальонның ПП-654 жаяу патрульінің қызметкерлері С. Шаянбаев пен Д. Уалихан қаламыздың көшелерін патрульдеп келе жатқанда, көздеріне бір күдікті жігіт түседі», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, күдікті жігіт тәртіп сақшыларын көргенде тұра қашады. Күдіктенген қызметкерлер, қашқан жігіттіқаланың бір басынан, екінші басына дейін қуып барып қолға түсіреді.

«Бекетке жеткізілген желаяқ шынында да Риддер қаласында сауда үйіне түсіп 600 000 теңгенің алтынын тонаған ұрының бірі болып шыққан. Тағы қандай қылмыстар жасағанын тергеу анықтайтын болады», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кәсіби тұрғыда сәтті іс-әрекет еткен полиция қызметкерлері Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасының басшылығымен марапатталды.

bnews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив