KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Аусыл көршілес елден контрабандалық жолмен әкелінген малдан тарады - АШМ

28.02.2012, 18:00 112


Алматы және Жамбыл облыстарындағы 7 аусыл ошағына қатысты жүргізілген тексерістің алдын ала нәтижесі бойынша аусыл ауруы көршілес мемлекеттерден контрабандалық жолмен әкелінген малдан тараған.
Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Мереке Тайтубаев мәлім етті.

«Атап айтқанда, Дегерес аулындағы жеке ауланың бірінен аусыл ауруының клиникалық белгісімен 5 бас ірі қара анықталды. Оның біреуі аналық сиыр, төртеуі бұзау. Малдың екеуінде Оңтүстік Қазақстан облысының литерлік белгісі бар сырғалары анықталды. Ал ондай сырға олардың құжаттарына сәйкес келмей отыр. Бұл тағы да контрабандалық жолмен әкелінген мал екендігін растай түседі», - дейді төраға орынбасары. Бұл ретте министрлік өкілі қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес барлық ірі қара төлі туылғаннан кейін 7 күн ішінде сырғаланып, жануарларды бірдейлендіру жөніндегі мәліметтер базасына енгізілуі қажеттігін ескертті.

«Тоқтала кететін тағы бір жайт, тексеріс барысында «Болашақ» шаруа қожалығындағы мал негізінен Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Алтын Орда» базарынан сатып алынғандығы анықталды. Бұл да контрабандалық себепке негіз болады», - дейді М. Тайтубаев.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив