KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Еліміздегі ең алғашқы агроқалашық салынады

22.02.2012, 18:00 152


Көкжайық ауылында аудан әкімі Дүйсенғазы Мусин «Елім-ай – Көкпекті» инновациялық жобасын жүзеге асыру бойынша жиын өткізді.
Аудан әкімінің орынбасарлары – А.Әкімова агрокешенді дамыту тәжірибесін үйрену үшін Белорусь еліне сапары жайлы кеңінен әңгімелеп берсе, Р.Сағындықов Көкжайық ауылында шоғырландырылған агроқалашық құру жоспарының компьютерлік нұсқасымен таныстырды.
Бұл жобаны жүйелі жүзеге асыру үшін Д.Мусин әрбір ауылдық округтердің әкімдеріне және барлық жауапты орындардың басшыларына нақты міндеттер жүктей отырып:
– Жобаны облыс көлемінде ғана емес, республика тарапынан да қолдап отыр. Тек күш-қуатымызды біріктіре отырып, еліміздегі ең алғашқы агроқалашықты салуымыз керек, – деп мақсат қойды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив