KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 3 м/с, Ю
471.46 504.79 5.53

Бір-екі жылда Көкжайық адам танымастай өзгермек

14.05.2012, 18:00 169


Көкпекті ауданы Көкжайық ауылында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында жас мамандарға арналып екі пәтерлі он үй салынуда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Құрылыстың жобалық құны – 140,6 млн. теңге. Қаржы облыстан қарастырылған. Облыс басшысы тағаны құйылған баспаналардың алғашқы кірпішін салтанатты жағдайда қалады. Құрылыстың жай-жапсарымен кеңінен таныса келе, баспаналардың бір шаршы метрінің бағасы – 77 мың теңге болғаны ауылды жер үшін тым қымбат екенін айтып, оны тағы бір пысықтауды тапсырды. Айта кетер жайт, бұл – Көкжайықта соңғы ширек ғасырдан бері құрылысы бірінші рет қолға алынған жаңа баспаналар.

Достық көшесінің абаттандырылуымен танысқан облыс Әкімі барлық аудандардан келген ауыл әкімдері алдында ауылдардағы көшелер дәл осындай көгалдандырылған, біркелкі әрі таза, әрі көз тартар әдемі болуын, үйлер қоршауларының да бір түске боялып, биіктігі де бірдей өлшенуі керектігін баса ескертті.

Көкпекті ауданының әкімі Дүйсенғазы Мусин тірек елді мекендерінің қатарына енген Көкжайық ауылының тұсаукесерін жиналғандардың назарына ұсынып, облыс басшысына қолға алынған шаруаларды баяндады. Аудан әкімінің айтуынша, енді бір-екі жылда Көкжайық адам танымастай өзгермек. Мұнда кәсіпкерлікті дамытудың ауылдық аймағын құру жоспарлануда.

Оның құрамына ет комбинаты, сервистік дайындау орталығы, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын, көлік құралдарын жөндеу бойынша қызмет көрсететін орталық және инкубаторы бар құс фермасы кірмек. Ауылда 124 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сонымен бірге ауылдық клуб 58 млн. теңгеге жөнделіп, ауыл көгалдандырылып, көшелер жарықтандырылады. Осылардың бәрі іске қосылғанда Көкжайық үлгілі тірек ауылына айналады.

Ал Көкжайықты түлетуге мемлекетпен қатар, демеушілер – «ҚазАгро» ұлт-тық басқару холдингі» АҚ, «ҚазАгроФинанс» АҚ және «Елім-ай Көкпекті» ЖШС-і қар-жылай қолдау көрсетпек.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив