KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Серпінді іс сенім ұялатады

16.02.2012, 18:00 127


Көкпекті ауданының әкімі Дүйсенғазы Мусин Самар ауылының жұртшылығы алдында есеп беру кездесуін өткізді. Аудан әкімінің мәлімдеуінше, 2011 жыл аудан үшін жақсы көрсеткіштермен аяқталды.

Ауданда ет өндірісінің экспорттық әлеуетін дамыту үшін «Елім-ай-Көкпекті» инновациялық жобасы қолға алынды, бұл аудан экономикасын толық дамытуды қамтитын өзіндік «локомотив» болмақ. Жобаның құны – 5,4 миллард теңге.
– Былтырғы жиында медицина саласындағы бірқатар кемшіліктер айтылған. Олар әлі де орын алуда. Дәрігерлер 13 нәрестенің өліміне жол берген. Бұл мәселе аудандық ведомствоаралық комиссияда қаралып, дәрігерлер мен мекеме басшыларының жұмысына құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ, сарып, өкпе дерті, онкология аурулары бойынша да жағдай мәз емес. Фельдшерлік пунктер мен отбасылық амбулаториялардың жағдайы сын көтермейді. Балалардың, кәрі адамдардың аудандағы ауруханаға баруға жағдайы келмейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жұмысын ширату керек. Республикадан облысқа қаншама қаражат бөлінсе де, ауылдық жерлерге жетпейді. Бұл мәселе шешімін табуы қажет, – деді аудан әкімі.
Аудан әкімі тұрғын үй, жұмыспен қамту мәселелеріне де кеңінен тоқталды.
– Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарынан қалың бұқара арасында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын насихаттап, түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді талап етемін, – деді әкім.
Баяндаманы талқылауға самарлықтар белсене қатысты. Аудандық мәслихат депутаты Елена Сихварт сайлауалды бағдарламасында айтқан бір уәдесін бір айда аудан әкімінің қолдауымен орындағанын жеткізді. Депутат Пантелеймоновка ауылында шағын наубайхана ашуға септігін тигізіпті. Сондай-ақ, ол орталық кітапханада екі компьютер сыныбы ашылып, барлық тұрғындар дәріс алса деген өтініш айтты. Ұсыныс бірден қабылданып, аудан әкімі он компьютер сатып алуға қаражат бөлінетінін жеткізді.
Жиынға қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Ербол Нұрғалиев Самардағы оңды өзгерістер жайлы айтып, барлық игі бастамаларға табыс тіледі. Ал облыстық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Асуат Насыров аудандағы аграрлық сектордың мәселелеріне тоқталды.
Тұрғындар тарапынан әлеуметтік сипаттағы проблемалар көтеріліп, сауалдар жолданды. Оның бәріне аудан әкімі толық жауап беріп, атқарылмақ істерді баяндады.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив