KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, З
443.35 475.54 4.82

Мал шаруашылығын дамыту мәселесі қаралды

16.05.2012, 18:00 244



Облыс Әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей тапсырмасымен аудандағы ауыл шаруашылығының жайымен жете танысып, осы салаға қатысты өзгерістер мен талаптарды түсіндіру үшін облыс Әкімінің орынбасары В.Кошелев бастаған облыстық басқармалар мен несиелік қаржылар беретін акционерлік қоғамның басшылары Тарбағатай ауданына келіп, семинар-кеңес өткізді.

Оған ауыл әкімдері, ауыл шаруашылығына қатысты мекеме басшылары, мамандар, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Семинар-кеңесте аудан әкімінің орынбасары С.Жақаев «Тарбағатай ауданындағы агроөнеркәсіп кешенінің даму барысы және ауданның ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалардың орындалуы туралы» хабарлама жасады.

Семинарда «Тарбағатай-Вет» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры С.Нұрханов, Ойшілік ауылдық тұтыну кооперативінің төрағасы М.Ахметов, «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының директорлары Т.Сапарғалиев, Г.Солтанбаева, облыстағы аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары Қ.Сейтқазин, облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы Қ.Төлеубеков, облыстық жер инспекциясы басқармасының бастығы В.Соловьев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Д.Селиханов сөйлеп, өз салаларындағы мәселелерге жан-жақты тоқталды.

Семинар-кеңесті облыс Әкімінің орынбасары В.Кошелев қорытындылады.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив