KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Жаңаөзенге қатысты БАҚ-та жарияланып жатқан ақпараттардың басым бөлігі арандатушылық сипатқа ие - Бас прокуратура

21.02.2012, 18:00 200


Жаңаөзенде болған оқиғаларға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан ақпараттардың басым бөлігі арандатушылық сипатқа ие және анық жалған ақпарат болып табылады.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

«Бұл ретте, біздің айтып отырғанымыз жаппай тәртіпсіздіктердің құрбандары мен жәбірленушілердің санына қатысты болып отыр.

Түрлі өсектерге немесе бүркеншік көздерге сілтеме жасай отырып, жекелеген азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары олар туралы мәліметтерді билік жасырып отыр деген желеумен ондаған қаза болғандар мен жүздеген жарақат алғандар туралы ақпараттарды таратуда», - деді ресми өкіл.

Оның сөзінше, ағымдағы жылдың 14 ақпанында ресейлік «Новая газета» басылымының электронды нысанындағы «Юрта - знак беды» атты мақаласында 73 мерт болғандар туралы хабарланды. «Голос Республики» газетінің 5-ші санындағы «Жанаозен стал Хатынью по-казахстански» жариялымында 300 құрбан жөнінде деректер келтіріледі.

«Дегенмен, орын алған белгілі оқиғадан кейін екі жарым айдан астам уақыт ішінде Бас прокуратураның ресми тізіміне енбеген жаппай тәртіпсіздіктердің құрбандары ретінде бар болғаны үш фамилия аталды. Олар Тангиев Жанболат, Аңдамасов Жүсіп және Ұзақбаев Жалғасбай. Бұлардың біріншісі тірі, дені сау, жаппай тәртіпсіздіктерге қатыспаған болып шықты. Ал Аңдамасовтың өлімі мен Ұзақбаевтың хабар-ошарсыз кетуі ешкімнен жасырылған жоқ және құқық қорғау органдарында ресми тіркелген. Нақтырақ айтқанда, 2011 жылғы 23 желтоқсанда Жаңаөзен қаласының 4-ші ықшам ауданындағы №39-шы үйдің жертөлесінде жеке тұлғасы анықталмаған ер азаматтың мәйіті табылды. Полиция ол азаматтың аты-жөнін және өлу себептерін анықтау бойынша тергеу алды тексеру тағайындады», - деді Н.Сүйіндіков.

Оның айтунша, 30 желтоқсан күні тексеру жұмыстарының аясында полицияға шақыртылған Шуақбаева Ақмарал қайтыс болған азаматты өзінің күйеуі Аңдамасов Жүсіп екендігін айтқан. Шуақбаеваның айтуынша, оның күйеуі 3 жыл бойына отбасынан бөлек тұрып келген. және ішімдікке салынып кеткен. Оны соңғы рет желтоқсанның 13-і немесе 14-і күндері көргендер бар және 30 желтоқсанда полицияға шақырғанға дейін күйеуіне ешкім іздеу салмаған. Өйткені оны әдеттегідей бір жерде ішімдік ішіп жүр деп ойлаған.

«Осы бағытта жүргізілген сот-медициналық сараптамасы Аңдамасовтың мәйітінен қандай да бір дене жарақаттарын анықтамаған. Бірақ оның қанынан этил спирті табылған. Тексерудің нәтижесі бойынша Аңдамасовтың өліміне қатысты қылмыстық әрекеттің ізі табылған жоқ. Сол себепті қылмыстық іс те қозғалмаған. Қазіргі таңда осы іс бойынша қабылданған шешімнің заңдылығы тексерілуде. Ұзақбаев Жалғасбайға қатысты айтар болсақ, оның хабар-ошарсыз кетуі туралы арыз полицияға 2011 жылғы 22 желтоқсанда келіп түскен. Аталған арыздың негізінде іздестіру шарасы қолға алынды. Алайда олар, әлі оң нәтиже берген жоқ. Осылайша, бүгінгі күні Аңдамасов пен Ұзақбаевтың жаппай тәртіпсіздіктердің құрбаны болды деуге негіз болатын сенімді айғақтар жоқ», - деді ресми өкіл.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив