KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ІТ саласын дамытуға бағытталған хакатон

18.10.2024, 15:00 130 Төлеуғазы Жансая

Бүгін және ертең Қазақстанның 2500 жас ІТ мамандары Decentrathon 2.0 хакатонына қатысып, төрт негізгі бағыт бойынша тапсырмаларды шешумен айналысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

18-19 қазан күндері Өскемен қаласындағы Oskemen Hub базасында Decentrathon 2.0 мультилокациялық хакатоны өтеді. Қазақстанның 17 өңірі және Астана мен Алматы қалаларынан IT саласына қызығушылық танытатын жастар жасанды интеллект (AI), Blockchain, ойын индустриясы (GameDev) және Telegram шағын қосымшалары бағыты бойынша тапсырмалар орындап бақ сынасады.

«Хакатонның басты мақсаты – 48 сағат ішінде өзекті мәселелердің жаңа шешімдерін ұсыну, инновациялық өнім идеяларын дамыту және AI, Blockchain, GameDev және Telegram mini apps салаларында стандарттан тыс тәсілдерді көрсету. Бүгінгі таңда бізде барлығы 25 команда тіркеуден өтті, барлығы 60 қатысушы. Бізде әрбір бағыт бойынша өз демеушілеріміз бар. Ол демеушілер қатысушыларға өз проблемаларын ұсынады, қатысушылар екі күн көлемінде сол мәселелерді шешуге тырысады», - деді Oskemen Hub жетекшісі Дидар Мұратұлы.

Жүлде қоры $50,000 болатын іс-шараны Astana Hub, аймақтық Oskemen Hub және Blockchain Center зерттеу зертханасы серіктестікте ұйымдастыруда.

«Бүгінгі хакатонға досым екеуіміз келдік. Біз өзіміз GameDev бағытын таңдадық. Бізге берілген тапсырманы дедлайннан аспай орындап, қорғай аламыз деген үміттемін», - деді Ерхат Жанболатұлы.

 

Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу