Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін онлайн-бос жұмыс орындары жәрмеңкесі басталды
depositphotos.com
Tanda.Enbek.kz порталында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған онлайн-бос жұмыс орындары жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Tanda Enbek платформасында «IteachMe» қоғамдық қорымен бірлесіп «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы»АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) ұйымдастырған мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесі басталды. Жәрмеңкеге қатысуға түрлі өңірлерден 64 жұмыс беруші өтінім берді, олар порталда 498 бос жұмыс орнын, өз кәсіпорындары туралы ақпаратты, сондай-ақ кандидаттарды іздейтін мамандықтарды орналастырды.
Онлайн жәрмеңке 18 қазан күні сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Оған қатысу үшін өтініш берушілер жәрмеңке бетіне https://tanda.enbek.kz/ru/fairs/74 сілтеме арқылы кіріп, тіркеуден өтіп, жеке кабинетте өзекті түйіндеме дайындау қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Tanda Enbek платформасы іске қосылған сәттен бастап барлығы 54 онлайн-бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.