KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

National Geographic журналы Н.Назарбаевты I Петрге теңеді

19.02.2012, 18:00 126


Көпшілікке кеңінен танымал National Geographic журналы Tomorrowland («Земля будущего») очергінде мақала авторы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 18-ші ғасырда Ресей астанасын Санкт-Петербург деп аталған қалаға көшірген I Петрге теңеді.

Автордың пікірінше, Петр салқын ауа райынан, табиғаттың жағымсыз жағдайларынан қорықпай, ел астанасын сазды Балтық жағалауына көшірді. Ол жаңа қаланың маңызды стратегиялық жағдайға қоныстанғанына сенімді болды, деп жазады Tengrinews.kz.


Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан астанасын ауа райы жайлы Алматыдан салқын, үнемі жел соғып тұратын арқа төсі Астанаға көшірді. Бастапқыда бұған күмәнмен қарап, істің сәтті болатына шүбі келтіргендер де болды. Алайда, барлығын уақыт өз орнына қойып берді. Бірте-бірте барлығы да өзгерді. Жаңа астанаға миллиардтаған доллар салынып, әлемнің алдыңғы қатарлы озықойлы сәулеткерлері тартылды.

Мақалада Астананың көрнекті ғимараттары: «Астана Тауэр» БО, «Жеті бөшке» ТК, Көлік және коммуникация министрлігі ғимараты, Бәйтрек, Хан шатыр, тағы да басқалары жетістік ретінде аталады.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив