KZ
Өскемен
+25°
гроза жел 2 м/с, С
475.18 510.72 5.47

Катонқарағайлықтар ләңгі ойынын жаңғыртты

3.03.2013, 18:00 214


Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы агро-техникалық колледжінде ләңгіден аудандық жарыс өтті. Жарыста аудан мектептерінен келген құрама командалары бақтарын сынады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөніндегі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде хабарлады.

Ләңгі ойнының өзіндік ерекшеліктері бар. Сайыста жеңіске жету үшін ойыншының аса епті де шапшаң болуы шарт.Командалық жарыстарда ойын 11 кезеңмен өтеді.

Тартысқа толы ойындардың нәтижесінде агро-техникалық колледж командасы 1-орынды еншіледі. Ауылдық лицей командасы 2-орынды, ал Дамитов атындағы орта мектебінің командасы 3-орынды иеленді.

Ойын жеңімпаздары сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив