KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
476.27 515.47 5.41

ШҚО дан көшіп жатқан адамдар саны жыл сайын артып келеді

12.02.2012, 18:00 223


Жыл өткен сайын ШҚО дан көшіп кетіп жатқан адамдар саны артып келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2011 жылы облыстан 18500 адам көшкен, бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 12 пайызға көп. Бұл туралы әлеуметтік-демографиялық статистика басқармасының бастығы Зиназайып Жанбосынова мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірімізге көшіп келгендер саны 9300 адам, бұл 2010 жылға қарағанда 6 пайызға кем. «Алыс шетелдерден келгендер саны 2157, 2010 жылы бұл көрсеткіш 3100 болған. Қытайдан 1812, Монғолиядан 294, Германиядан 25, республикамыздың өзге облыстарынан 6300 адам көшіп келді», - дейді З. Жанбосынова.
Таяу шет мемлекеттерден көшіп келгендер саны 794 адам. Ресейден 643, Өзбекстаннан 50, Қырғызстаннан 31, Әзербайжаннан 29 адам келді. Республикамыздың өзге облыстарына 12300 адам кетті,- дейді статистик. Сыртқы және облысаралық көші-қон нәтижесінде халық саны 9200-ге кеміді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив