KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Олимпиада-2012 алқызыл алауы Лондонда 10 мамырда тұтанады

7.02.2012, 18:00 231


Үстіміздегі жылдың 27 шілдесі мен 12 тамызы аралығында Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысты кейбір қызықты ақпараттар көпшілікке мәлім болды.

«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметінше, алқызыл алау 10 мамырда, әдеттегідей Олимп тауында тұтанады. Ол әуелі Грекияның бірқатар аумағын аралап, 18 мамырда арнайы рейспен Ұлыбританиядағы «Culdrose» әскери-теңіз базасына жеткізіледі. Одан кейін алау Англия, Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландия қалаларын 70 күн бойы шарлайды. Бұл ретте оны 1018 елді мекендер арқылы алып өту көзделуде. Олардың арасында әсем қалалар, жақын маңда орналасқан аралдар, тарихи мекендер, таңғажайып нысандар мен табиғат аясындағы жерлердің назардан тыс қалмауына баса назар аударылған. Бұл шараға мыңнан аса ресми тұлғалар, спортшылар, журналистер және жергілікті тұрғындар қатысады. Алау белгіленген жерлерге ұшақ, кеме, пойыз, трамвай, қанат жолдары, әуе шары, мотоцикл және велосипед арқылы жеткізіледі. Түрлі салада қызмет етіп жүрген 8 мың адам алауды ұстап шығу құрметіне ие болды. Ең соңында ол Лондонның барлық аудандарын шарлап, Темза өзені бойымен Хэмптон-корт сарайы арқылы 27 шілдеде Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтетін алып стадионға келеді.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив