KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Өңіріміздің дәрігерлері неліктен заманауи қондырғылармен жұмыс істей алмайды?

6.02.2012, 18:00 95


Медицина қызметкерлерінің облыстық кеңесінде аймақ басшысы заманауи құрылғылармен жұмыс істей білмейтін дәрігерлерді сынға алды, деп хабарлайды Altaynews.kz. тілшісі.

Облас әкімі Бердібек Сапарбаев алынған аппаратурамен ешкім жұмыс істей алмай отырған сәулемен емдеу орталығын мысалға келтірді. Зырянда ультра дыбыстық зерттеу (УЗИ) аппараты пайдаланылмай тұр. Аягөз бен Зайсанда да осы жағдай. Шалғай аудандарда диагностика жасауға арналған жылжымалы мобильді кешендер бар да, олармен жұмыс істейтін мамандар жоқ.

– Біздің өңіріміз үшін тұрақты түрде медициналық тексеруден өтіп тұру қажет, – дейді облыс басшысы. – Әрбір тұрғын ауруын әбден асқындырып алғаннан гөрі, денсаулығын тексертіп, өзінің диагнозын біліп, уақытында ем қабылдағаны жөн. Шетелдік дәрігерлердің байқағанындай, еліміздегі ауруханалардың жабдықталуы еуропалық клиникалардан ешбір кем емес. Бірақ жергілікті мамандар осы озық үлгідегі қондырғылармен жұмыс істей алмай отыр. Сондықтан үйрену керек, мамандар даярлау керек!

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив