KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

ШҚО ІІД басшылығы Өскеменнің түнгі клубындағы шенеуніктердік тәртіпсіздіктері жайлы хабарды жоққа шығарды

2.02.2012, 18:00 205


Жуықта Ішкі істер Министрлігінің блогында өздерін облыс орталығының тұрғындары деп таныстырған төрт адам мемлекеттік құрылымдардың бірқатар басшыларын қаңтрадың 13-нен 14-не қараған түні «Marilyn Club» -та бұзақылық жасады деп айыптады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Хатта айтылғандай, шенеуніктер аталған клубтың қызметкерлеріне, келушілерді балағаттап, себепсізден соқтығып, соңында оқ атуға дейін барған. «Күзеттегілердің» әрекетінен кейін тәртіп бұзушыларды полиция алып кеткен.

Аталған оқиғаның егжей-тегжейін тексерген ШҚО ІІД «Шенеуніктер келушілер мен қызметкерлерді ұрып-соқты, қару қолданды деген «факт» жалған болып шыты. Ал елді дүрліктірген хабарламаны жазғандардың аты-жөні белгісіз және ол шындыққа сәйкес келмейді. Яғни, блогта жазылғанның бәрі-жалған ақпарат» деген ресми мәлімдеме жасады.

14-қаңтарда ІІД-не «Мэрилин Клаб» түнгі клубында қаруы бар азамат отыр деген хабарлама түскені рас,-дейді ШҚО ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев. Полиция қызметкерлері келгенде Құсайынов, Алибаев, Қазақпаев, Күміспбеков деген төрт азамат отырған. Азамат Алибаевтан «Стражник» травматикалық тапаншасы алынып, оны тиісті тіркеуден өткізбей сақтағандығы үшін 5 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Алайда, ешқандай атыс, келушілер мен қызметкерлерді ұрып-соғу, қорқытып-үркіту әрекеттері болмаған.

Аты-жөнін жасырған азаматтар жалған хат арқылы құқық қорғау және қадағалаушы мемлектетік органдарды қаралағысы келген, дейді ШҚО ІІД басшылығы.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив