«Торпедо» өрлеп келеді
«Торпедо» өрлеп келеді. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатында қатарынан екі кездесуде жеңіске жеткен өскемендік ұжым турнирлік кестедегі жағдайын біршама жақсартып алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Осыдан бірер күн бұрын Мисхат Фахрутдиновтың командасы Ижевск қаласында жергілікті «Ижстальдің» тас-талқанын шығарғанын жазған болатынбыз. Кеше «Торпедо» жеңісті сериясын Перьм қаласында жалғады. «Молот-Прикамье» командасымен өткен ойында жерлестеріміз 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесуде команда капитаны Александр Шиннің, сондай-ақ соңғы матчтарда нәтижелі өнер көрсетіп жүрген қорғаушы Николай Глухов пен шабуылшы Максим Капитуровтың қанжығалары майланды.
Осылайша, екі ойында қоржынға төрт ұпай түсірген өскемендік команда турнир кестесінің 14-ші сатысына дейін көтерілді. Қазір қоржынында 35 ұпайы бар «Торпедо» келесі кездесуін ертең қонақта нефтекамскілік «Тороспен» өткізеді.