KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Торпедолықтар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сый-сияпат жасады

27.11.2018, 16:36 157


Өскемендегі отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері Б.Александров атындағы Спорт сарайына барып, жергілікті «Торпедо» хоккей клубының ойыншыларымен кездесу мүмкіндігіне ие болды.



Сапары барысында балалар торпедолықтардың жаттығуларына қатысып, өскемендік хоккейшілердің алдағы ойындарға дайындықтарын көрді. Сонымен қатар осы жердегі музейге саяхат жасап, клуб пен ұлттық құраманың тарихынан сыр шертетін экспозицияны тамашалады.


Өз кезегінде «Торпедо» ойыншылары балғын жанкүйерлеріне арнап дайындап қойған бағалы сыйлықтарды тарту етті. Еркін әңгіме түрінде өткен шара соңынан балақайлар «Торпедо» хоккейшілерімен естелік суретке түсті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив