KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Илья Ильин әлем біріншілігіне қатыса алмайтын болды

29.10.2018, 11:34 220


Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин ауыр атлетикадан Түркменстан астанасында өтетін 2018 жылғы әлем біріншілігіне қатыспайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Vesti.kz мәліметіне сүйенсек, спортшы денсаулық жағдайына байланысты осындай шешім қабылдаған.


«Мұны Қазақстан халқына қалай айтуды ұзақ ойландым. Әлем чемпионатына омыртқамнан жарақат табылғандықтан қатыспаймын. Айтарлықтай ауыр жарақат екен. Шынын айтқанда, ары қарайғы спорттағы карьерамды жалғастыру-жалғастырмауымды белгісіз. Бірақ ұнжырғам түспейді. Ашхабадқа бапкер ретінде барамын. Нижат Рахимовпен бір жыл бірге жұмыс істедік. Зульфия Чиншанломен де. Бапкерлерге, өзімнің командаластарыма көмектесемін. Бір сөзбен айтқанда, әлем чемпионатына ойындағы бапкер ретінде барамын», - деген Ильин SportX.kz сайтына берген сұхбатында.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив