KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, З
441.66 475.14 4.86

1 қаңтардан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді

22.10.2018, 08:34 104


2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген абонеттерге қызмет көрсетілмейді. Яғни ұялы байланыс құрылғыларын міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді.


– 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «IMEI-код + SIM карта + тұлғаның жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)» сызбасы бойынша абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу ережесі күшіне енеді. Тіркелмеген абоненттерге байланыс қызметі көрсетілмейді. Осыған байланысты азаматтар ағымдағы жылдың соңына дейін өздерінің байланыс құрылғыларын тіркеуі қажет, – деді Алмас Садубаев.


Осы ретте ІІМ ресми өкілі ұялы байланыс операторларының филиалында ұзынсонар кезекке тап болмас үшін, дер кезінде тіркеуге баруға кеңес береді.


Садубаевтің сөзіне сүйенсек, телефон тіркелгеннен кейін ұрланатын болса, онда база арқылы оны кім пайдаланғанын анықтауға болады. Бұған қоса, байланыс операторлары базадан құрылғының IMEI-коды ұрланғанын көрсе, байланысқа тосқауыл қоя алатын көрінеді.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив