KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Ұялы телефон нөмірлері міндетті  түрде тіркелу керек

5.08.2018, 08:49 185

2019 жылдың 1 қаңтарынан  бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейтін болады. Бұл туралы ШҚО-ның полиция қызметі хабарлайды.


Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 5 шілдесіндегі «Байланыс туралы» Заңына сәйкес, Ақпарат және коммуникация министрлігі  Ұялы байланыс тың абоненттік құрылғыларын тіркеу ережесін әзірлеп шығарды.


Ережеге сәйкес, әрбір нөмір иеленушісі ұялы байланыс операторларына ЖСН мен өзінің ұялы телефондарын жылдың соңына дейін тіркетіп қою керек. Бұл процедура компанияның кеңеслерінде немесе ұялы оператордың сайтындағы жеке кабинетте жүзеге асыруға болады.


Сарапшылардың пікірінше, телефондардың IMEI-кодтарын тіркеу полицияның іздеу жұмыстарының тиімділігін арттырады. Ұялы телефон нөмірі деректер базасына енгізіліп, ЖСН және IMEI-кодпен байланыстырылады. Бұл телефон ұрлау қылмысын жояды деп болжануда.


Сонымен қатар, жаңашыл бастама ұялы желі  арқылы жүзеге асырылатын телефон алаяқтығы және басқа да қылмыс түрлерін айтарлықтай азайтуға септігін тигізеді екен. Ал келер жылдың қаңтар айынан бастап тіркелмеген абоненттерге ұялы қызмет түрлері көрсетілмейді.


ШҚО бойынша ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 1400-ден астам ұялы телефонды ұрлау фактілері тіркеліп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив