KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

«Алтай» клубына Пуэрто-Рико мен Бразилиядан жаңа волейболшылар келді (фото)

11.09.2018, 10:00 141


ШҚО-ның «Алтай» волейбол клубы келесі маусымда жаңа ойыншылармен толығады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


[caption id="attachment_40044" align="alignleft" width="259"] Жулиана Ногейра[/caption]


Белгілі болғандай, мұхиттың ар жағынан келген қос ару қазір Өскеменде жүр деседі. Олар  – бразилиялық белгілі ойыншы Жулиана Ногейра мен Пуэрто-Рико құрамасының волейболшысы Юлимар Перес. Бұл екеуі келесі маусымда «Алтай» волейбол клубына қосылуы әбден мүмкін.


Айта кетсек, Ногейра - Панамерикандық ойындарының күміс медаль, Ельцин Кубогы мен Гран-при иегері, сондай-ақ,оның қанжығасында Бүкіләлемдік Универсиада-2011 ойындарының алтын медалі де бар екен. 30 жастағы бразилиялық спортшының бойы -184 см.


Ал екінші ойыншы Юлимар Перес әлі жас спортшы, ол 21 жаста. Бойы – 177 см.


Жаңа ойыншылар туралы клуб тарапынан әзірше ресми ақпарат берілген жоқ.


[caption id="attachment_40038" align="alignnone" width="701"] Фотосурет Юлимар Перестің Instagram желісіндегі жеке парақшасынан алынды[/caption]



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив