Күршімнің жағалауын бекітіп жатыр (видео)
Өңірде су тасқынының екінші толқынына дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Күн райының жылынып, жауын-шашынның жиілеуінен таудағы қар жылдам еріп, өзен-сулардың деңгейі көтеріледі. Тасқынның алдын алу үшін Күршім өзенінің «Тырла» учаскесінде жағалауды бекіту жұмысы жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 150 метрдей жайдақ жағалауды бекітіп, нығайтуға барлығы бес адам, төрт техника (2 КАМАЗ, бір тиегіш, бір бульдозер) жұмылдырылған.
Оқи отырыңыз