ШҚО-да су тасқыны жағдайы тәулік бойы бақылауда
Алтай ауданындағы Зубовск кентінде ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде 7 елді мекенде су толығымен ағызылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 аула су астында қалды, оның 4-і тұрғын емес ғимарат.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың құтқарушылары 370 дана қап төсеп, 1265 тонна инертті материалдар төгіп, мотопомпалардың көмегімен 20 мың текше метр суды сорды.
Снегирево ауылында профилактикалық іс-шаралар аясында Бұқтырма өзенінің жағалауындағы бөгетті нығайту жұмыстары жүргізіліп, 250 дана қап төселді.
«Алтай өңірінде су деңгейі айтарлықтай төмендеп, қауіпті деңгейден асқан жоқ. Құтқарушылар мен аудан әкімдіктері Шемонаиха мен Алтай аудандарындағы су деңгейін жіті бақылауда»,-деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз