KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Бес баланың өлімі: Алаяқтар халықтан ақша жинауы мүмкін

6.02.2019, 04:27 101

Астанада өрттен бес баласы қаза болған отбасына қазақстандықтардың көмекке ақша аударып жатқаны мәлім. Әлеуметтік желілерде отбасының банк картасының нөмірі де таралуда. Алайда осы қаражатты жолдан қымқырып жатқандар да болуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме берген ҚазАқпарат сайты жазды.

Полицейлер сақ болуға шақырады.


– Қолдау көрсеткіңіз келсе, анық сол отбасының карта нөмірі екендігіне көзіңіз жетпейінше ақша аудармаңыз. Бөгде жандардан беріп жіберуге тырыспаңыз. Алаяқтардың арбауына түсіп қалуыңыз әбден мүмкін. Қазіргі уақытта көмек ақша бір ғана Ситер Жанымгүл Амангелдіқызының атындағы есепшотқа аударылып жатыр. Басқа есепшоттың бәрі жалған, – дейді департаменттің баспасөз хатшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив