KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Өскеменнің қақ ортасында қаңғыбас иттер өріп жүр (видео)

5.02.2019, 12:18 205

Куәгерлер қаңғыбас иттерді қаланың қақ ортасындағы Қазақстан көшесінен көргенін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қаңғыбас иттер туралы бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеген қала тұрғыны, олардың саны 15 шақты болды дейді.


Ал қалалықтар желіде бұл жағдайды бұрын да көргендіктерін жазды.


– Бұл иттер топтасып орталық базар маңында үнемі жүреді, кейде тіпті адамдарға тап береді, – дейді өскемендіктер.


Қаңғыбас иттерді аулау үшін Өскемен қаласының ветеринария бөлімі жауап береді. Алайда мамандардың айтуынша, ол үшін тұрғындар алдымен жергілікті өзін-өзі басқару комитетіне өтініш жазуы керек екен.


– Жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері бізге ақпарат береді. Біз сол жерде аулау кестесін құрастырып, тиісті шараларды жүргізетін боламыз, – дейді мамандар.


https://www.instagram.com/p/Btd56hjB-mu/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив