KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Катонқарағай ауданында қаңғыбас иттер азайды

8.07.2013, 18:00 186


Катонқарағай ауданында қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 2013 жылдың алғашқы үш айында 300-ге жуық иесіз ит ауланды., деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Өткен жылмен салыстырғанда Үлкен Нарын ауылындағы қаңғыбас иттердің саны күрт азайды. 2013 жылдың 1-қаңтарына дейін мал емгерлері келісім-шарт бойынша жеке кәсіпкерлер ретінде жұмыс атқарған. Ветеринарлық лицензиялардың жойылуына байланысты енді олар коммуналдық кәсіпорын штатына қабылданып, қосымша 30 жұмыс орны ашылды. Ауылдық округтерде ветеринарлық пункт меңгерушісі, мал емгерлері және ветеринарлық санитарлар жұмыс істейді.

Барлық пункттер қызметтік бөлмелермен қамтамасыз етілген. Биыл оларды қызметтік автокөлікпен, арнайы құралдармен, киіммен қамтамасыз ету қарастырылуда.

Ашылғанына көп болмаған «Ветеринарлық қызмет» кәсіпорын барлық заңдылықтарға сәйкес жұмыс істеуде.

Тұрсынхан Базарбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив