KZ
Өскемен
+16°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Аягөзде робототехникадан тұңғыш чемпионат өтті

4.02.2019, 09:27 155

Жуырда ауданда білім бөлімінің ұйымдастыруымен К. Бозтаев атындағы орта мектепте 3d үлгілеу бойынша "3d robostar" робототехникадан тұңғыш чемпионат өтті. Аталмыш сайысқа 19 мектептен 130 жуық оқушы қатысып, өздерінің жаңа заманға сай білім өрісі мен өнертапқыш дәрежесінің деңгейін байқатты


Жалпы, чемпионаттың ережесі бойынша командалар өздері құраған роботтарды көрмеге қойып, оларының қоғамға пайдалы жақтарымен жиылған қауымды таныстыруы қажет. Он жастан асқан және он төрт жастан жоғары оқушылар 3d үлгілеу бойынша робот құрастыруы керек болды. Сол сияқты, роботтар сызық бойымен жүріп, робосуммо сайысында қарсыласын шеңберден ысырып шығаруы тиіс. Таңғаларлғы, мектеп оқушыларының өз қолдарымен құрастырған роботтары басқарушы джойстиктің көмегінсіз іс-қимыл жасады. Рас, оқушылардың аталмыш сайысқа зор дайындықтармен келгені аңғарылды. Шараға дейін олар роботтарды бүгінгі чемпионаттың ережесіне сай бағдарлама бойынша жүйеге келтірген. Сондай-ақ, төрт түрлі залда өткен чемпионатты дәлме-дәл уақыт режимінде әлеуметтік желінің тікелей эфирі арқылы көрсетілім де ұйымдастырылған.


Жалпы, ауданда бүгінгі күнге дейін"Менің мектебім" акциясы аясында 19 робототехника класы ашылған. Жиылғандар бүгін соның алғашқы нәтижесін көріп, оқушылардың жаңа, заманауи бастамалардағы қадамдарына ризашылықтарын білдірді. Білім бөлімінен математика, информатика пәндерінің әдіскері Ерсін Түсіпов пен информатика пәнінің мұғалімдері Раушан Дүйсенбекова, Асхат Ажыбаев, Әсел Бауыржановалар шараның өз деңгейінде өтуіне атсалысқанын айта кеткен абзал.


-Жалпы, мектеп жасындағы оқушылардың әу баста шетелдік кинолардан көрген түрлі робот кейіпкерлеріне еліктеп, қызығу арқылы осы салаға келетіні жасырын емес. Бүгінгі күні робототехника дүниежүзі бойынша өмірдің барлық салаларында қолданылады. Мәселен, өздігінен ашылып-жабылатын есіктерден бастап нанотехнологияларға дейін робототехника пайдаланылады. Негізі,робот істеу – әр адамның ойлай білу қабілетіне байланысты. Мұнда ең алдымен мақсатқа жету маңызды. Роботқа шама-шарқынша бағдарлама арқылы міндеттер жүктеліп, оны іс-әрекеттерімен орындайды. Роботты құрастыру оңай. Ал бағдарламалауға келгенде біршама қиындықтар пайда болады. Онда міндетті түрде математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтерін пайдаланады. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйреніп келетін болса, үйірмеде сол формуланы пайдалана отырып, өздері тәжірибе жүзінде шыңдайды. Бүгін оқушылар осы үдеден шыға білді,- дейді К. Бозтаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Ардақ Тұманбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив