KZ
Өскемен
+8°
небольшой дождь жел 5,8 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Жолдардың жабылғаны туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

23.01.2019, 11:26 187

Қаңтардың 20-сынан 21-не қараған түні ШҚО аумағында 500-дей адам қар құрсауында қалып қойған еді. Ал содан бір күн бұрын ғана аймақ тұрғындарына желдің күшеюі туралы ескертілген болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Тас жолдар қатты жел, боран, дауыл, көктайғақ, аяз, тұман  кездерінде адамдардың қауіпсіздігі үшін жабылады. Алайда ескертуге құлақ аспай, тәуекел ететіндер жиі кездеседі.


Алыс жолға шықпас бұрын тас жолдағы қозғалыс жағдайын  алдын ала біліп алу үшін келесі нөмірлерге қоңырау шалуға болады: 8 (7172) 444-777 немесе  8-771-744-47-77. Бұл нөмірлерге WhatsApp арқылы жүргізушілер өздері де жолдағы ахуал жайлы ақпаратпен бөлісіп, фото-бейнематериалдар жібере алады.


«Қазақавтожол» ЖШС мамандары жүргізушілер мен жолаушыларды дауылды ескертулерді елеп, қауіпсіздік үшін сапарға шығуды шегере тұруға шақырады.


Жоғарыда аталған телефон нөмірлері тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив