KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

174 отбасы баспаналы болды

Бүгін, 17:00 5 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласында Республика күніне орай көпбалалы және әлеуметтік осал топтардағы отбасыларға баспана кілті табысталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шара барысында 174  отбасыға  қаланың Құрметті азаматтары баспана кілттерін тарту етті. 

20 жыл бойы баспанаға кезекте тұрған алтын алқа иегері Бақаш Өтепбаева көптен күткен үйіне қол жеткізіп, қуанышын жасырмады. 

«Бүгін 2024 жылдың 24 қазанында үй алып қуанып жатырмыз. Үкіметіміз дами берсін, Қазақстанымыз өсе берсін! Облыс әкімі, аудан әкімдеріне мыңда бір алғыс айтамын! Үлкендерді құрметтеп, бізге тегін үй беріп жатыр. Өте қуаныштымыз»! - деді алтын алқа иегері Бақаш Өтепбаева. 

Айта кету керек, «Ұлан Тау», «Көктем» тұрғын үй кешендеріндегі және Жібек жолы көшесіндегі баспаналар көпбалалы отбасыларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына арнайы берілді.  

Ақерке Рағызбаева 
Фото: Данияр Сагидолдин
Видео: Ермек Жиенбеков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив