ІІМ өкілі Талғардағы қашқынға қатысты пікір білдірді
Полиция Талғарда зорлау дерегі бойынша күдіктінің уақытша ұстау изоляторынан қашып кетуіне байланысты қызметкерлерге қатысты немқұрайлылық бабы бойынша іс қозғады, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, олар қашып кеткен ер адамды әлі іздестіріп жатыр.
"Айналысып жатырмыз, іздейміз, ұстаймыз. Іздеу - бұл оңай емес. Барлық шара қабылданып жатыр. Біз қызметтік тергеу жүргіземіз. Бәрі жазаланады. Іс немқұрайлылық дерегі бойынша қозғалды. Біз кінәлілерді жауапқа тартамыз", - деді ол мәжіліс кулуарында.
Еске салайық, дүйсенбіде Талғар аудандық Полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторынан ер адам қашып кеткен. Айналасы биік қоршау және тікенек сыммен қоршалған ғимарат Талғар орталығына жақын орналасқан. Күдіктінің жоқтығы сағат 17.00-де байқалған.