KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

Есмұхамбет Ұябаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды

Бүгін, 11:30 41 Төлеуғазы Жансая

Республика күні қарсаңында "ОблШығысЖол" ЖШС автогрейдер машинисі Есмұхамбет Ұябаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл марапат оның 15 жылдан астам уақыт жол саласындағы адал еңбегі мен кәсіби жетістіктерін жоғары бағалаудың белгісі болды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ол 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін  "ОблШығысЖол" ЖШС № 5 Өндірістік-жол учаскесінің Автогрейдер-машинисі болып жұмыс істеуде.  

Басшылығы Есмұхамбет Темірбекұлын  жауапты және алдына қойған мақсатты орындамай қоймайтын, жол саласында үлкен тәжірибесі бар, білімі әрі білікті, өз міндеттерін өте жақсы атқаратын қызметкер ретінде бағалайды. 

Күршім мен Марқакөл аудандарында орналасқан ұзындығы 500 км облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау айтарлықтай еңбекті қажет етеді.

 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив