KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

«Бір қабатты Шығыс»: Уварово ауылында 6 отбасы баспаналы болды

Бүгін, 17:30 0 Төлеуғазы Жансая

Глубокое кенті Уварово ауылында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында баспана кілттері табысталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Республика күні қарсаңында Глубокое ауданының алты жанұясы баспаналы болды. 
Біраз жылдар бойы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша баспаналар тек Глубокое кентінде салынып, кезекте тұрған тұрғындарға беріліп келді. Бірақ соңғы жылдары Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов «Баспана - кезекте тұрғандардың тұрғылықты жері бойынша берілу керек» деген бастаманы бастады.

«Бағдарлама аясында салынған баспана құрылысы қысқа мерзімде аяқталды. "Восток Корпарейшн" ЖШС біздің ауылда газоблок және силикат кірпіштен үш екі пәтерлі үй тұрғызды. Үйлердің ішінде «ақылды пеш» , суық су, ыстық су, дәретхана, жуынатын бөлме бар. Көпбалалы отбасыларға арналған пәтерлер 85 шаршы метрді, жетімдер мен мүгедектер үшін 70 ш.м. құрайды», - деді Ертіс  ауылдық округінің әкімі Ерлан Жумагулов.  

Көптен күткен баспана кілттерін салтанатты шара барысында аудан әкімі Эльдар Тумашинов табыстады. 

«Жаңа баспанаға ие болу - бұл өмірдегі жаңа кезеңнің басталуы. Біз көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасыларды қолдай алғанымызға қуаныштымыз. Өйткені  еліміздің болашағы осы көпбалалы отбасыларда өсіп келе жатқан балаларға тікелей байланысты», - деп атап өтті Глубокое ауданының әкімі Эльдар Лұқбекұлы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив