KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

ШҚО мен Абай облысында 37 мыңнан астам адам төртінші ревакцинациядан өтті

8.07.2022, 15:44 136

Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың бірінші және екінші компонентімен қамту  100% орындалды, деп хабарлайды ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. 

- 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен емізетін аналар арасында Pfizer вакцинасының 1-компонентімен 110 021 адам егілсе  (92,2%), 2-компонентін 108 269 адам алған (90,7%). 7 шілдедегі соңғы мәліметтерге сәйкес облыста 711 462 (89%) коронавирусқа қарсы ревакцинациядан (үшінші бустерлік доза) өтті. Ревакцинация жүргізу коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеттің қалыптасуына әсер етеді, -делінген департамент таратқан ақпаратта.

Қазір облыстарда келесі вакциналар қолжетімді: QazVac, Sinopharm, Pfizer. Жалпы екі облыста барлығы 37 635 адам 4-ші ревакцинациядан өткен. Алайда жоспар бойынша 90 649 адам өтуі қажет. 

- Өркениетті елдер арасында қайта ревакцинациялау COVID-19 айналымындағы және жаңа штамдарымен күресудің тиімді шараларының бірі ретінде танылды. ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, соның салдарынан біз бәріміз қалыпты бұрынғы өмірге орала аламыз. Вакцинацияның мақсаты – КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету, - дейді ведомства.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу