KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Сыбайлас жемқорлардың ашық тізілімі енгізіледі

istockphoto.com

Бүгін, 14:00 54 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған тұлғалардың ашық тізілімі енгізілмек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң жобасын талқылау барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform.kz порталына сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлардың ашық тізілімі енгізілуі жоспарлануда. Бұл құралдың басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті нығайту. Тізілімде ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдардың мәліметтері жарияланады. Бұл мәліметтер тек соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі негізінде енгізіледі», – деді Ұлан Сарқұлов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, сотталған тұлға ақталған жағдайда және жазасы өтелгеннен кейін тізілімнен шығарылатын болады. Ашық тізілім ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтында орналастырылады. Тізілімді жүргізу агенттікке жүктелетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу