KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 7 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

Тұрғындар газдан да қол үзбейді, бағасы да көтерілмейді – Зайсан

29.06.2022, 17:21 287

Энергетика министрлігі бірнеше апта бұрын «Tarbagatay Munay» кәсіпорнына қатысты тексеруді бастаған болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақпарат орталығы АКҚ-ға сілтеме жасап. 

Естеріңізге салсақ, компания егер оларға Қытайға газ экспорттауға тыйым салынса, ауданның елді мекендерін көгілдір отыннан ажырататыны туралы мәлімдеген. Оосыдан кейін Зайсан ауданының тұрғындары наразылық білдірген еді.

«Tarbagatay Munay» қойған ұсынысты облыс басшылығы бопсалауға балады. Облыс басшлығы Энергетика министрлігіне жүгініп, жағдайдың шынайы мәнін тексеруді сұрады. Тексеру аяқталғанға дейін Қытайға газ жеткізу тоқтатылды.

Тексеріс аяқталып, жаңа елді мекендердің жүйеге қосылуын ескере отырып, ауданды жабдықтау үшін газ лимиті анықталды. Бұл көрсеткіш – 325 миллион текше метр, ол 10 жыл үздіксіз қамтуға жеткілікті. Ал экспорт көлемі – 70 миллион текше метр.

– Сіздер барлауды жалғастыруларыңыз керек, сәйкесінше болжамды қорлар да көбеюі керек, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов «Tarbagatay Munay» өкілдерімен кездесуде. – Бұл ретте халық өздеріне тиесілі көлем өзгеріссіз қалатынын білуі тиіс, ол – 325 миллион текше метр. Міне, біздің уағдаластық – осы. Егер сіздер осымен келіссеңіздер, бұл мәселе сындарлы шешіледі. 

WhatsApp Image 2022-06-29 at 16.44.42.jpeg

Компания өкілдері мұнай кен орнын игеруді бастағандарын, қосымша газ Зайсан ауданын қамту мерзімін 10 жылдан 30 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді. Ал экспорттан түскен қаржы нақ осы мақсатқа жұмсалмақ. Кәсіпорын сондай-ақ, тұрғындар үшін газ бағасының көтерілмейтінін атап өтті.

Өз кезегінде облыс әкімі аудандағы елді мекендерді одан әрі газдандыру бойынша барлық міндеттер орындалатынын қадап айтты.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу