KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 4 м/с, В
529.99 546.63 5.21

Қызметтік иттердің көмегімен мыңнан астам ұрлық ашылды

pexels.com

Бүгін, 17:30 57 Төлеуғазы Жансая

2024 жылы қызметтік иттер 4344 қылмыстың ашылуына көмектесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Анықталған қылмыстардың арасында 73 адам өлтіру, 12 қарақшылық, 137 тонау, 1305 ұрлық және 482 есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар бар. Қызметтік иттердің көмегімен заңсыз айналымнан 4,4 тоннадан астам есірткі, соның ішінде 146 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.

Қызметтік иттердің жоғары сезімталдығы мен жаттықтырылуы қылмыстарды дер кезінде анықтауға және қылмыскерлерді ұстауға үлкен үлес қосты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу