KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

«Борышкер»: ШҚО-да шамамен 30 миллион теңге айыппұл өндірілді

17.06.2022, 10:03 116

Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы аяқталды.

Үш күн ішінде полицейлер 29 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алды. Әкімшілік айыппұл бойынша борышкерлердің 225 автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылды.

- 1105-тен астам адамға әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабарланды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында әкімшілік заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары сот орындаушыларымен бірлесіп, өңірде рейдтік іс-шаралар өткізді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив