KZ
Өскемен
-4°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да 1000-нан астам көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды

9.12.2022, 14:25 471 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да полицейлер прокуратура өкілдерімен және жеке сот орындаушыларымен бірге жетінші рет "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.

Жедел-алдын алу іс-шарасы  аясында тәртіп сақшылары ҚР ЖЖҚ борышкерлері мен қасақана бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Іс-шара нәтижесінде, атқарушылық өндіріс қызметкерлерімен бірлесіп 130 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді. Төленбеген айыппұлдар үшін 1000-нан астам көлік арнайы автотұрақтарға қойылды.

- Полиция қызметкерлері әкімшілік айыппұлдарды төлеу тәсілдері туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы уақыт ішінде тәртіп сақшылары 19 мың үй мен пәтерлерді тексеріп, 12 мыңнан астам жүргізушіні хабардар етті, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу