KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Даниал Ахметов: "Семейде көлік және жолаушылар әлеуетін дамыту үшін екі ірі жоба іске асырылады""

7.02.2022, 21:06 246

Даниал Ахметов Семей қаласының жұртшылығымен кездесіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының іске асырылу бойынша 2021 жылды қорытындылады.
Өңір басшысы Семейдің халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар өтетін өңірдің маңызды көліктік-логистикалық және сауда торабы екенін атап өтті. Сондықтан жолдарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлінбек.
Бұған дейін Семейде  «Нұрлы жол»  инфрақұрылымдық даму бағдарламасы бойынша Омбы – Майқапшағай автомобиль жолдарының учаскелерін қайта жаңарту аяқталды. Бұл транзиттік жүктерді тасымалдау көлемінің айтарлықтай өсуіне ықпал етті.
Сонымен қатар, жүк-көлік, жолаушылар әлеуетін дамыту үшін екі ірі жоба іске асырылатын болады. Атап айтқанда, ұзындығы 51 км Семей қаласының айналма жолының құрылысы және Ертіс өзені арқылы өтетін автожол көпірін қайта жаңарту.

- Өткен жылы айналма жол құрылысы бойынша жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу аяқталды. Автожол көпірін реконструкциялау жобасына сараптама алынды. Алдағы уақытта жобаларды қаржыландыру салалық министрлікпен пысықталатын болады. Қала жолдарының жағдайын жақсарту үшін көп жұмыс атқарылды. Екі жыл ішінде жол желісін ағымдағы және орташа жөндеуге 3 млрд теңге жоспарланған болатын. Алайда, аталған бағытқа 7,2 млрд теңге жұмсалды. Нәтижесінде бұл 90 км жолдар мен көшелерді қанағаттанарлық жағдайға келтіруге мүмкіндік берді. Өткен жылы Жангелдин көшесі бойымен Омбы – Майқапшағай трассасына дейінгі автожолды қайта жаңарту аяқталды, Семей – Қайнар автожолының 108 км орташа жөндеу аяқталды. Сондай-ақ, 106 көше мен жергілікті маңызы бар жолдар жөнделді. Қала тұрғындары үшін жайлы орта құру мәселелеріне ерекше назар аударылды, - дейді облыс әкімі.

2020 жылдан бастап 24 нысан абаттандырылды. Олардың арасында «Абай жолы» жаяу жүргіншілер аймағы, мешіт айналасындағы аумақ, Абай атындағы алаңды қайта құру, Мәңгілік Ел көшесін абаттандыру сияқты ірі нысандар бар.
Даниал Ахметов атап өткендей, қазір қалалық билік депутаттармен бірлесіп, Семей қаласын дамытудың кешенді жоспарымен танысып, халықпен кездесулер өткізуі тиіс.
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив