Асыл тұқымды жылқыны ұрлап кеткен - Алтай
23 қараша күні Алтай ауданының полиция қызметкерлеріне жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында 41 жастағы тұрғынның мал ұрлығын жасағаны туралы ақпарат келіп түсті.
Белгілі болғандай, күдікті 2021 жылдың маусым айының басында аудандағы шаруа қожалықтарының бірінен 8 жасар жылқыны кеткен. Келтірілген залал 1 300 000 теңгені құрады.
«Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 1 бөлігі – мал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», -деп хабарлайды ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Оқи отырыңыз