«Мерейлі отбасы - 2024» байқауына өтінім қабылдау басталды
![](/kz/uploads/posts/2024-05/1526531079_1526530120_otbasy.webp)
Фото: old.aqmeshit-aptalygy.kz
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Байқаудың мақсаты - адамгершілік құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеу, отбасы мәртебесін арттыру.
- Байқауға қатысу үшін өтінімдер 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қабылданады. Қосымша сұрақтар бойынша +7 (7232) 742-950 нөміріне хабарласуға болады, - делінген Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының хабарламасында.
Оқи отырыңыз