KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау келесі аптада басталады

13.05.2023, 12:41 498 Ләззат Қанатқызы

Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталады.
Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өтінімдер аудандық (қалалық) комиссияға ағымдағы жылдың 15 мамырынан бастап 15 маусымға дейін қабылданады.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
бірінші – аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін);
екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең (1 шілдеден 15 шілдеге дейін).
  Биылдан бастап облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы берілмек.
   Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі қыркүйек айында Отбасы күні қарсаңында Астана қаласында салтанатты түрде өтеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу