Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады
pexels.com
Қазақстанда 2025-3027 жылдары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік тілде 100 оқу құралын жазу жоспарланып отыр. Бұл "Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жол картасынан" белгілі болды. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Оқу құралдары жаңадан әзірленетін "Ұлттық портфель" ақпараттық жүйесіне енгізілмек. Бұл ақпараттық жүйе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған білім беру бағдарламаларын қамтиды.
Еске салайық, 2025 жылы Қазақстан колледждері төрт лигаға бөлінеді. Олар:
- Көшбасшы колледждер;
- Тірек колледждер;
- Әлеуметтік колледждер;
- Мақсатты колледждер.