KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
475.18 510.72 5.47

Әскерде қызмет еткендер колледжге түсуге квота алады

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

10.06.2024, 21:30 73 Айжанат Бақытқызы

Оқу-ағарту министрлігі «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» бұйрыққа түзетулер жобасын дайындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әзірлеушілер техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімнің (колледждер мен училищелер) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген ел азаматтары үшін бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан қабылдау квотасының мөлшерін – 1% бекітуді ұсынады.

Сонымен қатар, квота мөлшері артады:

  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар қатарындағы азаматтар – 1-ден 10%-ға дейін;
  • бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар – 1-ден 5% - ға дейін.

Жоба 2024 жылғы 24 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив