Елімізде биыл рекордтық көлемде тұрғын үй салу жоспарлануда

Фото: pixabay.com
2025 жылы Қазақстанда кемінде 19 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі kaz.inform.kz порталына сілтеме жасап.
— Биыл тұрғын үй құрылысында рекордтық көрсеткішке жету жоспарланып отыр. 19 миллион шаршы метрден кем емес тұрғын үй салынбақ. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа инфрақұрылым құрылысы, ипотекалық кредит көлемін арттыру, жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты шаралар кешені қолға алынады, — деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.
Вице-премьердің айтуынша, экономиканың нақты секторын қаржыландыруды ұлғайту елдің жалпы ішкі өнімінің өсуіне оң әсер етеді.
— Осы бастамалардың уақтылы орындалуын бақылау үшін Экономикалық өсу жөніндегі жедел штаб құрылып, белсенді жұмыс істеп жатыр. Барлық туындайтын мәселелер жедел шешімін табады, — деді ол.
Оқи отырыңыз