Риддердегі Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды (видео)
Жеңіс күні – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың батырлығы мен қайсарлығын еске алатын айтулы мереке. Бүгінгі Жеңіс күнін Риддер қаласында бір ардагер, 47 тыл еңбеккері қарсы алды, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.
Жеңістің 80 жылдығы Ұлы Отан соғысының батырларына арналған «Даңқ обелискі» мемориалы орналасқан Орталық алаңда аталып өтті. Шараға қала әкімі Думан Рахметқалиев, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, жергілікті кәсіпорын мамандары, оқушылар мен қала тұрғындары қатысты.
Мемориалдық кешеннің басына жиналғандар майдан даласынан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл жерде елі үшін жанын құрбан еткен сарбаздар рухына тағзым етіліп, Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.
Іс-шара жергілікті өнерпаздардан құралған шығармашылық ұжымдар ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Фото/Видео: Ермек Жиенбеков