KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 4 м/с, З
518.97 607.3 6.64

Өскеменде Пушкинге арналған әдеби іс-шара өтті

5.06.2025, 16:00 155 Ержан Әбіш

Бүгін орыс әдебиетінің классигі Александр Пушкиннің туған күні қарсаңында Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында дәстүрлі іс-шара өтті. Бұл күн шабыт пен сұлулықтың, шығармашылық пен білімнің мерекесіне айналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іс-шара кітапхана алдындағы жайлы скверде, ақынның бюсті орнатылған алаңда ұйымдастырылды. Бірнеше тақырыптық алаңда келушілер Пушкин шығармашылығына жаңа қырынан үңіліп, сол дәуірдің рухын сезінді.

Шараның салтанатты бөлімі Пушкиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Рәсімге Ресейдің Өскемендегі консулдығының өкілі, вице-консул Александр Дяченко қатысты.

Бұдан әрі мереке түрлі интерактивтермен жалғасты. «Пушкин ертегілерінің ізімен / Продолжи Пушкина…!» атты қазақ және орыс тілдерінде  өткен викторинада қатысушылар ақынның ертегілері мен өлеңдерін еске түсіріп, логикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Кітап көрмесі ұйымдастырылған экспозициялық аймақта «Мен Пушкинді жақсы көремін» атты бұрыш көптің назарын аударды. Мұнда ақын шығармалары мен оның өміріне қатысты мекендер туралы мәлімет ұсынылды. Сонымен қатар келушілерге түрлі ойындар ойнатылды.

Халықаралық ресурстық орталық алаңында қонақтар «Пушкин және француз тілі» викторинасына қатысып, Америка бұрышының музыкалық нөмірлерін тамашалады.

Мерекеге Шығыс Қазақстандағы орыс мәдениет орталығы белсене атсалысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу